09:06, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада «Ұлы даланың -ұлы Шоқаны» атты конференция өткізілді
КӨКШЕТАУ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ұлы даланың - ұлы Шоқаны» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция болып, Шоқан тағылымы тағы бір ой елегінен өткізілді.
Жастар мен студенттер, жас ғалымдар мен магистранттар, ұстаздар қауымы жиналған басқосуда Шоқанның жастық шағы, білім жолындағы ізденісі, ғылыми және зерттеушілік қадамдары, этнограф, суретшілігі көпшілік талқысына ұсынылды. Іс-шараға арналып ғалымның және ғалым жайлы кітаптар, ғылыми монографиялар, мерзімді басылымдардағы жарияланымдар көрмесі ұйымдастырылған. Жас ғалымдар Шоқанның ғылыми ізденістерін бүгінгі заман талабы деңгейінен талдау жасап, алдағы атқарылар міндеттерді сараптады. Баяндамалар ғалым Шоқан, суретші Шоқан, этнограф Шоқан, ауыз әдебиетін зерттеуші Шоқан тарауларын жеке-жеке қарастырып, ой бөлісті.