Макин қаласында алланың үйі жаңа мешіт пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Бүгін Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданының орталығы Макин қаласында алланың үйі жаңа мешіт жамағат игілігіне берілді.
None
None

Аудан имамы Тұрдықан Дәрігерханның айтуынша сыртқы сәулеті мен ішкі безендірілуі, бөлмелердің орналасуы, қажетті жабдықтармен жарақталуы жағынан өңірдегі алғашқы осындай нысан жұртшылық игілігіне берілгені қуанышты. Бұл сыйды жерлестеріне жергілікті жауапкершілігі шектеулі «Сарытомар» серіктестігінің жетекшісі Тұрлыбек Болатов сыйға тартып отырған көрінеді. Осы мақсатқа алғашқы сәтте 20 миллион теңге қаржы жаратылып, кейінде қажетіне қарай қол ұшын берген. Мешітте бір мезетте 200-ге тарта жамағат намазға жығыла алады. Осындағы қосалқы бөлмелер де көз жауын алады. Сырты да абаттандырылып, көгалдандырылған. Болашақта өңірдің балғындары имандылық дәрістерін алып, осы бағыттағы білімдерін жетілдірмек. Бүгінде ауданның үш ауылдық округінде шағын мешіттер ашылып, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта олардың қатарына басқа ауылдарда алланың үйлері салынып, имандылық ісі жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар