Макин қаласында Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерекесі Кеңес Одағының Батыры атағын алған бес жауынгерге арналған Даңқ аллеясынан басталды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданының орталығы Макин қаласында осы жердің тумалары,
None
None

Кеңес Одағының Батыры атағын алған бес жауынгерге арналған Даңқ аллеясында 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында қаза болғандарды еске алудан басталған мерекелік іс-шара митингіге ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.

Қала да бұл күні ерекше мерекелік кейіпте безендірілген. Жасыл желекті көше бойы қызылды-жасылды жалаулармен көмекеріліп, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған билбордтар ілінген. Аллеяның өне бойында жерлес батырлар өмірі мен ерлігін паш етер деректер бейнеленіп, жазылған. Барлаушы Михаил Яглинский Сталинград шайқасында болып, ерліктің өнегесін көрсеткен. Иван Омигов 1942 жылы Петропавл ұшқыштар училищесін тәмамдап, Карель майданында соғысқа қатысқан. Оның ерлігі Қызыл Жұлдыз, 1-ші Дәрежелі Отан соғысы ордендерімен атап өтілген. Зеңбірекші Николай Сергиенко Польшаны азат ету жолында үш күнгі ұрыста 140 жау солдатын жойып, бесеуін тұтқынға алған. Оның зеңбірегі Герман елінде Шверин қаласындағы мұражайда сақтаулы. Екінші Дүниежүзілік соғыста есімі ерекше есте қалған шекарашы Никита Карацупа 20 жылдық әскери қызмет кезінде 338 қылмыскерді қолға түсіріп, 139 жау тыңшысын жойған. 1932 жылы Добровольное ауылынан әскер қатарына алынып, шекара күзетінде болған Никита Федоровичке 1965 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ленинградты азат ету кезінде Александр Матросовтың ерлігін қайталап, жанын пида еткен Иван Скуридиннің ерлігі есте мәңгі сақтаулы. РФ Әскери теңіз флотының бір кемесі оның есімімен аталады. Батырлар аллеясындағы шеру барысында өңірден Отан соғысына аттанған 5600 жауынгердің әрқайсысы жерлестерінің есінде мәңгі сақталатыны атап көрсетілді. Бүгінде олардың 43-і және 540 тыл ардагері осы той-думанның ортасында. Өңір басшысы Ермек Нұғыманов ардагерлердің әрқайсысына өзіндік сый-сияпат ұсынды. Мерекелік медальдар табысталып, қошемет көрсетілді. Жеңіс мерекесі жергілікті өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасына, спорт сайыстарына ұласты.

Соңғы жаңалықтар