Мақсатымыз - салауатты өмір салтын орнықтыру - М.Берген, Орал қалалық мәслихатының депутаты
Оның айтуынша, жуырда ҚР Тұңғыш Президентінің күні құрметіне колледж жанынан аумағы 513 шаршы метр спорт залы ашылды. Мұны мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестіктің жарқын мысалы деуге болады. Аталмыш кешен құрылысына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО филиалы арқылы 7 пайыз жеңілдікпен алынған 74 млн. теңге несие жұмсалды. Барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген спорт залында колледж шәкірттері волейбол, баскетбол, үстел теннисі, каратэнің кудо түрімен айналыса алады. Сонымен қатар осы маңдағы Зачаган кентінің тұрғындары да келіп, спортпен достаса алады. Қазақстанда 24 жеке колледж болса, үлгі жобадағы спорт залы осы «Мақсат» колледжінде пайдалануға беріліп отыр. Алдағы уақытта оқу орны жанынан жатақхана салу да ойластырылуда.
Құрылғанына 15 жылдан асқан колледжде күні бүгін 700-ге тарта студент болашақта білікті фармацевт және дантист болып шығуы үшін білім алуда.
«Елбасымыз Жолдауында кәсіпкерлерді нақты істерге қаржы салып, елдің игілігін молайтып, халықтың әл-ауқатын көтеруге шақырды. Бұған бәріміз де өз үлесімізді қоса білуіміз керек», - деді М.Берген.