Мақтаарал ауданының 300 мыңнан астам абоненті 4 күн бойы жарықсыз отыр - ТЖМ

СТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында күшті жел 300 мыңнан астам абонентті жарықсыз қалдырды.
None
None

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өткен сәуір айының 30-ы күні кешкі сағат сегіз жарымда, секундына 25 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан Мақтаарал ауданының электр желілері зақымданған.

Мамырдың 3-і күнгі жағдай бойынша, жөндеу жұмыстарымен Мақтаарал, Шардара аудандары мен «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-ның апаттық бригадалары айналысуда.

Әзірше электр жарығы тек Мақталы ауылдық округіне ғана берілді.

Соңғы жаңалықтар