Мақтаралда кәсіпкерлік өркендеуде - ОҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мақтарал ауданында үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2400,0 млн.теңге болатын 3 жоба мақұлданып салынып, бүгінгі күні екеуі іске қосылды деп мәлім етті аудан әкімі С.Тұрбеков журналистерге берген баспасөз мәслихатында.
None
None

Олар - индустриалдық картаға енгізілген «Мырзакент» ЖШС-нің мақта өңдейтін зауыты, «Арсенал-Сад» АӨК-нің көкөніс сақтау қоймасы мен «Хаят» ЖШС аяқ-киім фабрикасы. Бұл жобалардың биылғы жылы екеуі іске қосылды, біреуін жыл соңында іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен. Әкімнің айтуынша, ауданда тіркелген кәсіпкерлердің саны - 32 291, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 6 472-ге артық. Өндірілген өнім көлемі 38,5 млрд. теңгеге жетіп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 млрд. теңгеге артқан. Сонымен қатар бюджеттік төлемдер 404 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 млн. теңгеге өскен. «Кәсіпкерлік саласында 33 422 адам - экономикалық белсенді халықтың 24,1 пайызы жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жалпы сомасы 964,6 млн. теңгені құрайтын 587 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде: «Максимум» АИО» ЖШС арқылы жалпы сомасы 21 млн. теңгені құрайтын 2 жоба, «Ырыс» ШНҰ» ЖШС арқылы 334,9 млн. теңгені құрайтын 29 жоба, ауылдық несие серіктестіктері арқылы 18 млн. теңгені құрайтын 27 жоба, «АШҚҚ» АҚ арқылы 354,3 млн. теңгені құрайтын 148 жоба, «ҚазАгроҚаржы» АҚ (лизинг) арқылы 236,4 млн. теңге құрайтын 121 жоба қаржыландырылды», - деп мәлім етті Серік Тұрбеков.

Соңғы жаңалықтар