Мал шаруашылығын қолдау үшін Үкімет өз резервінен 1,5 млрд. теңге бөледі - ҚР АШМ

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат  - Мал шаруашылықтарында ірі қараның аналық  мал басының төмендеуіне жол бермеу мақсатында Үкімет өз резервінен 1,5 млрд. теңгеден астам қаржыны
None
None

алдағы қыс маусымында аналық мал басын бағып-қағудағы шығындарды ішінара өтеу үшін бөлмек. Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

Қазіргі кезде Үкіметтің тиісті қаулысының жобасы мемлекеттік органдарға келісу үшін бағытталды.

Осы орайда ол тиісті министрліктерден жобаны  келісуді жеделдетуді сұрады. Е. Аманның сөзінше, бұл өз кезегінде қарашадан бастап шаруашылықтарға мемлекеттік көмек көрсету үшін қажет болмақ.

Соңғы жаңалықтар