Малды талан-таражға салған алаяқ бес жылға бас бостандығынан айырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қалалық сотының үкімімен Т. Әбдіраманов өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде ұрлап,
None
None

алаяқтық жасағаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Енді ол жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейді.

Сотталушы Т.Әбдіраманов 2007 жылдың қыркүйек айында жәбірленуші С.Дүйсенбаевпен айына 20 мың теңгеге мал бағуға өзара келісіп, оның Тасбөгет кенті маңындағы Жаңадария елді мекенінде орналасқан 48 бас ірі қара малын жауапкершілігіне алған. Ол 2008 жылдан 2010 жылдың мамыр айына дейін әрқайсысы 100 мың теңге тұратын 30 бас сиырды ұрлап, сатып, тапқан табысын бас пайдасына жаратқан.

Бұған қоса, сотталушы бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы ұрлау мақсатында 2010 жылдың маусым айында Тасбөгет кенті маңындағы Жаңадария елді мекенінде тұратын жәбірленуші Б.Баймұратованың құны 250 мың теңге тұратын жылқысын жәбірленуші С.Дүйсенбаевтың жылқыларына санаққа қосып ен салып, ұрлап, алаяқтық жасаған.

Ол алаяқтық қылмыстық әрекеттерін одан әрі жалғастырып, 2010 жылдың тамыз айында Тасбөгет кенті маңындағы Жаңадария елді мекенінде тұратын жәбірленуші Ж.Бакировке жалған мәліметтер беру арқылы оның құны 100 мың теңгелік алты қойын алып, С.Дүйсенбаевтың жетпес малдарының арасына санаққа қосып, ен салдырып ұрлаған.

Сөйтіп, Т.Абдраманов осы қылмыстық әрекеттері салдарынан С.Дүйсенбаевқа 3 млн. теңге, Б.Баймұратоваға 250 мың теңге, Ж.Бакировке 100 мың теңге мүліктік залал келтірген.

Соңғы жаңалықтар