19:08, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Мәлібеков ішкі істер министріне жаңа стандарттарға сәйкес келетін мемлекеттік Елтаңбаны табыстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жандарбек Мәлібеков ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жаңа стандарттарға сәйкес келетін мемлекеттік Елтаңбаны табыстады. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков ағамыз бүгін ішкі істер министріне жаңа стандарттарға сәйкес келетін мемлекеттік Елтаңбаны салтанатты жағдайда табыс етті. Министр өз кезегінде елтаңбаның халқымыздың құндылықтарын және мемлекетіміздің дәстүрлерін айшықты сипаттайтынын, сондай-ақ «Мәңгілік ел» идеясымен өте жақсы ұштасып тұрғанын атап өтті», - деп жазды Алмас Садубаев.