Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайда «Ерлік даңқы өшпейді» атты көрме ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеге мәдени мекеменің ашылған күнінен облыстық және қалалық ардагерлер Кеңестерімен бірлесіп жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары арқау болған. Мұнда аудандық, қалалық және облыстық мұрағаттардағы соғыс жылдарының беймәлім сәттеріне байланысты құжаттар, қарт майдангерлер мен тыл тарландарының ерліктері мен батырлықтарына қатысты деректер, майданнан келген хаттар, фотосуреттер жинастырылған. Көпшілік назарына бірінші рет 20 жерлес жауынгердің туған-туысқандарына, жора-жолдастарына соғыс даласынан жазған хаттары қойылып отыр. Жәдігерлер қатарында майдангерлердің ерліктеріне орай марапатталған ордендері медальдары, жауынгерлік билеттері, жеке куәліктері, басқа да маңызды құжаттары жинастырылған. Солардың ішінде Даңқ орденінің толық иегері Александр Кияткиннің, қарт майдангерлер Саршатай Айтбаев пен Николай Звонаревтердің жеке заттары ерекше орын алады.