Мамандандырылған қызметтер Мақат стансысында теміржолда төгілген 240 тонна мұнайды жинауға кірісті

АТЫРАУ.  Қазанның  27-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -   Бүгін  Атырау  облысында    арнайы мамандандырылған    қызмет   Мақат стансысында теміржолда төгілген мұнайды    жинауға кірісті.  
None
None

  Қазанның 26-да    Мақат  стансысында  мұнай  тиелген  цистерналар  аударылып, оқиға салдарынан  240 тонна мұнайдың  жерге төгілгенін ҚазАқпарат  бұдан бұрын хабарлаған   болатын.

  Көлік прокуратурасының мәлім еткеніндей,    төтенше оқиғаға  себеп  болуы мүмкін   мән-жайдың  барлығы тексеріліп  жатыр.    Атап айтқанда,  оқиға   секундына  23 метрге   дейін соққан  қатты желдің салдарынан орын  алуы мүмкін.  

 Экологтар болса,  табиғатқа келген  зиянның   көлемін анықтауда.

Соңғы жаңалықтар