08:55, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
Мамандардың болжамы бойынша, Павлодар облысында астықтың орташа шығымы 7 центнер/гектарды құрайды
ПАВЛОДАР. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында биылғы астықтың шығымы орта есеппен 7 центнер/гектарды құрайды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Виктор Дубовицкий. Өңірде биыл бидай егілген 490 мың гектар алқаптан жалпы есеппен 348 мың тоннадан астам астық жиналады деп күтілуде.

Облыста қазір күздік қара бидай мен ерте пісетін бидайдың орағы басталып кетті. Ал егін орағы жаппай басталған кезеңде алқаптарға 2 мыңнан астам комбайн, 884 жатка және 87 жем-шөп жинайтын кешен шығарылмақ. Жаңа астықты қабылдауға қамбалар мен элеваторлар дайын тұр.