Мамыр айында Астанада Днестр бойы проблемасы бойынша «5+2» форматындағы кездесу өтеді
Қос тараптың азаматтық тұрғындарының бірқатар өзекті проблемаларын шешуге сеп болған тікелей келіссөздер үдерісті жалғастыруға іргетас болып отыр. Бұл туралы сейсенбі, наурыздың 2-сі күні Венада 5+2 форматындағы кездесуде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасының арнайы өкілі Болат Нұрғалиев мәлім етті.
Днестр бойы проблемасы бойынша құрылған «5+2» келіссөздер форматына Молдова мен Днестр бойының өкілдері, арағайын болып отырған - Ресей, Украина, ЕҚЫҰ тараптарының өкілдері және байқаушылар - АҚШ пен Еуроодақ өкілдері кіреді.
Б.Нұрғалиев өз сөзінде атап көрсеткендей, «5+2» форматындағы Вена кездесуінің күнт әртібіне қос тараптың көңілінен шығатын саяси шешімді талдап жасауды мақсат еткен келіссөз үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жылдың жұмыс жоспарын әзірлеу мәселесі арқау болып отыр.
Австрия елордасындағы кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім еткен ағымдағы жылдың мамыр айында Астанада «5+2» форматындағы келесі кездесуді өткізу туралы қазақстандық тараптың идеясын бірауыздан мақұлдады.