Мамыр айында Астанада IV Астана экономикалық форумы өтеді

КЕНТ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ағымдағы жылдың 3-4 мамырында Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша IV Астана экономикалық форумы өтеді.
None
None

Бұл туралы БАҚ өкілдері үшін өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин мәлім етті.

Форумға 3500-ден астам белгілі саяси көшбасшылар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғылым мен бизнестегі белгілі адамдар, сонымен қатар әлемнің 80 елінен бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері шақырылып отыр. Қазіргі таңда Нобель сыйлығының жеті лауреаты, сонымен қатар бірқатар саясат қайраткерлері, ғалымдар мен экономистер Форумға қатысатындықтарын растады, деп хабарлады Б.Жексембин.

Елшінің атап өткеніндей, Астана форумы «Жаһандық экономика мен қаржы», «Бизнес пен инвестиция», «Қоғам және нық даму» атты үш негізгі бағыт бойынша өтеді.

Соңғы жаңалықтар