Мамыр мерекелері қарсаңында ақтөбелік полицейлер бірқатар алдын алу шараларын өткізуде

Облыстық ІІД өткізілген брифинг барысында хабарланғандай, құқық қорғаушылар тарапынан 25 сәуірден бастап, заңсыз айналымнан қару-жарақ, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді тәркілеуге бағытталған «Қару» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Жедел-алдын алу шарасы басталғаннан бері ақтөбеліктерден 13 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде 12 тегіс ұңғылы мылтық, 1 шолақ мылтық пен 12 оқ-дәрі бар.
Мәселен, Хромтау қаласында шолғыншы полицияның қызметкерлері көшелердің бірінде 53 жасар азаматты тоқтатты. Оны жеке тінту кезінде одан 16 калибрлі екі ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді.
Сонымен қатар, 27-29 сәуір аралығында Ақтөбе облысында «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінде-ақ 361 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 19 жеңіл бұзақылық бар. 191 ақтөбелік қоғамдық орында спирттік ішімдікті ішкені және мас күйінде болғаны үшін, 63 азамат ҚР жер аумағында болу ережесін бұзғаны үшін, 15 азамат көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.