Мамырдың 11-і күні Астанада Австрияның машинақұрастырушылар одағы делегациясының Қазақстанға сапары аясында Қазақстан-Австрия бизнес-форумы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған Австрияның машинақұрастырушылар одағының вице-президенті Бернд Вейлинг және осы елдің машинақұрылысы мен металлургия саласындағы ірі компанияларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдары мен қауымдастықтарының, ұлттық компаниялар мен іскер топ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Жиынның мақсаты - австриялықтарды еліміздің Үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарламасымен таныстырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жайын сөз ету. Сондай-ақ тараптар трансферт, технологиялар мен Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорындарды құру болып отыр.
Жүздесуде тараптар Қазақстан мен Австрияның машинақұрастырушылары одақтарының арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ ниетте.