Мамырдың 12-сі күні Астанада «Қазақстан-Үндістан» бизнес-форумы өтеді

АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мамырдың 12-сі күні Астанада Үндістанның Сыртқы істер министрі С.Кришнаның Қазақстанға сапары аясында «Қазақстан-Үндістан» бизнес-форумы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Үндістанның машинақұрылысы, фармацевтика, құрылыс идустриясы мен энергетика саласындағы ірі компаниялары мен екі елдің мемлекеттік органдары мен қауымдастықтарының, ұлттық компаниялары мен іскер топ өкілдері қатысады. Бизнес-форумның мақсаты - еліміздің Индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп, Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қозғау. Сондай-ақ онда екіжақты бірлескен кәсіпорындар құрып, іскерлік қатынастарды қалыптастыру жайттары да ортаға салынады.

Соңғы жаңалықтар