Мәнерлеп оқу байқауында қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары орындалды

ПАВЛОДАР. 23 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарда қазақтың ұлы ақыны С. Торайғыровтың (1893-1920) шығармашылығына арналған «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты байқау өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Айта кетейік, өңірде ұлы ақынның есімімен облыс орталығындағы көше, сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университеті, Баянауылдағы ғұламаның туған ауылы мен көл аталған.

С.Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында (27 жасында қайтыс болған) қазақ әдебиетінде өз таңбасын қалдырды. Ол «Қамар Сұлу» қазақтың алғашқы  романының, поэмалар мен өлеңдердің және очерктердің авторы.
Байқауда студенттер мен оқушылар «Адасқан өмір», «Таныстыру» поэмаларынан, басқа да өлеңдерінен үзінділер оқыды.

№2 Педагогикалық колледждің оқушысы Данагүл Қырықбеске шығармаларды оқудағы әртістігі үшін бас жүлде берілді.

Соңғы жаңалықтар