«Мәңгілік Ел» пойызы» Шымкентке келді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласынан бастау алған «Мәңгілік Ел» пойызы» бүгін Шымкент қаласына келіп жетті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айшықтайтын әлеуметтік пойызда мәдениет және спорт қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік органдар мен ұйымдарының өкілдері және өнерпаздар бар.
Шырайлы шаһарға тоқтаған «Мәңгілік Ел» пойызы жолаушыларын қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қарсы алды.
Аталған пойыздың мүшелері бір күн бойына тұрғындарға медициналық, әлеуметтік мәселелер мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, бизнес және кәсіпкерлік кеңестер беріп жатыр. Шара «Түркістан» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертке ұласпақ.
Айта кетейік, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге септігін тигізетін әлеуметтік пойыздың бағыты 33 шалғай елді мекенде аялдайтын 33 күннен тұрады.
«Мәңгілік ел» пойызы кеше көне тарихи қала - Түркістанға тұрақтаса, бүгін 29-шы аялдамасын Шымкент шаһарына арнап отыр.
null null

Соңғы жаңалықтар
telegram