«Мәңгілік Ел» пойызының экипажы Өскемен жастарының ғылыми жобаларына баға берді (ФОТО)

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған жобалардың таныстырылымы болды. Делегаттар жастардың ғылыми жобаларына жоғары баға берді.
Жастарға «Мәңгілік Ел» идеясы түсіндіріліп, олармен бірге бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
«Біз еш қорықпастан болашағымызды сендерге сеніп тапсырамыз. Біздің бүгінгі жасап жатқандарымыздың барлығы сендер болашаққа ұмтылу үшін берік іргетас болып қалмақ. Әлемдік дағдарысқа қарамастан бүгінгі таңда көптеген жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл істің барлық саласына атсалысуға мүмкіндігі бар жастар да қолдау көрсетіп жатыр», - деді «Мәңгілік Ел» пойызының басшысы Әміржан Әлпейісов.
Кездесу соңында Өскеменнің белсенді жастары «Мәңгілік Ел» акциясына қолдау білдіру мақсатында үндеу қабылдады, деп хабарлайды өңірдің ақпараттық орталығы.