Мәңгілік ел жастары - батыл қадаммен ерен еңбекке форумы өтті - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-сі және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары - батыл қадаммен ерен еңбекке» атты облыс жастарының дәстүрлі Х форумы өткізілді. Бұл туралы жастар мәселелері басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Форум аясында қатысушы делегаттармен «Кәсіпкерлік және жастар» тақырыбында облыс жастарының кәсіпкерлермен кездесуі және кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысу шарасы және «Сана сезім» психологиялық көмек және психотүзету орталығында «Жастар арасында құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу бойынша» семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, форумға қатысушы делегаттармен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде жастар арасында өзекті мәселелер бойынша «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің Қазалы, Шиелі, Қармақшы аудандарының бөлім басшылары баяндама жасап, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Одан бөлек форум делегаттары «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының VII есеп беру конференциясына қатысты. Осы күні облыстық жастар форумы «Мәңгілік ел жастары - батыл қадаммен ерен еңбекке» атауымен облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында жалғасын тапты. Форум қонақтары мен делегаттар Студенттер сарайында ұйымдастырылған жастардың инновациялық идеялары мен жобалары жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкеде 14-29 жас аралығындағы аудан және қала жастары тың жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, форумда жастар өздерінің ойларын еркін ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Форум аясында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсене еңбек еткен үздік қоғамдық ұйымдар, әріптестік қатынас орнатуға үлесін қосқан әкімдіктер мен оқу орындары және жеке тұлғалар облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында Байқоңыр қаласының спорт, мәдениет және жастар саясаты басқармасы, «Жас ғалымдар Альянсы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақ-Қытай» академиясы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің ұжымдары және Жаңақорған, Сырдария, Қазалы аудандарының әкімдіктері бар. Сонымен қатар, форумда «Белсенді жастар қозғалысы» номинациясымен Студенттік құрылыс жасақтарының облыстық штабы, «Жыл жаңалығы» номинациясымен, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі, «Жастар жанашыры» номинациясымен «Абзал и К» толық серіктестігі, «Үздік ерікті жас» номинациясымен Қардашев Әлішер Серікұлы, «Үздік әріптес білім ұйымы» номинациясымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Жастарға көрсетілген үздік әлеуметтік қызмет» номинациясымен «Жігер» Қызылорда облысының спортшы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі және «Жігерлі жас» номинациясымен Ислам Салимов марапатталды.

Соңғы жаңалықтар