Маңғыстау, Атырау, Ақмола облыстарында ертең күн қатты ысиды - Қазгидромет

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Қазгидрометтің хабарлауынша, қыркүйектің 7-сінде Қазақстанның батыс аумағы циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағымның әсерінде, ал республиканың шығыс бөлігі жоғары қысымның әсерінде болады.
None
None

Батыс Қазақстан облысында, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Ал Қызылорда облысында күндіз қатты жел болады, онда да желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Ақмола облыстарында күн қатты ысиды.

Батыста, оңтүстік пен орталықта, шығыс пен оңтүстік-шығыстың кей өңірлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар