Маңғыстау, Қарағанды облыстарында ауа райына байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау, Қарағанды облыстарында ауа райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлады emer.gov.kz.
None
None

Қарағанды облысында желтоқсанның 4-і күні кешкі сағат 18-50-дегі мәлімет бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) Балқаш - Ақсу-Аюлы (641-883 шақырым а/ж« Алматы - Екатеринбург»), Карағанды-Ақсу-Аюлы (1007-885 а/ж «Алматы - Екатеринбург») автожолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысыда желтоқсанның 4-індегі түнгі сағат 23-40 кезіндегі мәлімет бойынша, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін «Жетібай-Жаңаөзен» (90-150 км) учаскесінде жол қозғалысы жабық.

Сондай-ақ, бүгін Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. 5-6 желтоқсанда - кей жерлерінде бұрқасын, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 5 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, күндіз қатты жауын-жауын, 5-6 желтоқсандаоңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 25, екпіні 30 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар