Маңғыстау облыстық ат спорты клубын сату бойынша тендер өтеді

Клуб қызметінің негізгі түрлері бәйге, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, көкпар және т.б. спорттың ұлттық түрлерін дамыту болып табылады.
Жыл сайын 2013 жылдан бастап ат спорты түрлерін дамытуға бюджеттен қаражат бөлінеді. Клуб спортшылары ұлттық спорт ойындары бойынша республикалық жарыстарға қатысады. Барлығы 24 топта 192 адам бар.
Клубтың Жаңаөзен, Қарақиян, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау және Бейнеу аудандарында бөлімшелері бар.
«Белгіленген рәсімдерге сәйкес ЖШС мемлекетік қатысу үлесін сату бойынша коммерциялық тендер 2014 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де www.gosreestr.kz . мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық форматта өтеді. Мемлекеттік қатысу үлесінің нарықтық құны 65 411 271 теңге», - делінген хабарламада.
Тендердің негізгі шарттары: кемінде 5 жыл нысан қызметінің негізгі түрлерін сақтау; оқу-жаттығу топтарымен аудандық/қалалық бөлімшелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; нысанның нарықтық құнын төлеген кезде мерзімін ұзартып беру.