Маңғыстау облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Сен және сенің құқығың» атты шара өткізді

АҚТАУ. 07 наурыз. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті ҚР  Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Сен және сенің құқығың» атты республикалық онкүндік ұйымдастырды.
None
None

Балалар мен олардың ата-аналарын БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының негізгі ережелерімен таныстыру және олардың құқықтық мәдени деңгейлерін көтеру, балалардың әр түрлі құқықтық сұрақтарға байланысты қызығушылығын арттыру - шараның басты мақсаттырының бірі болды.

Ұйымдастырылған онкүндік барысында  Маңғыстау облысында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ата-аналарының, ұстаздардың қатысуымен бірнеше дөңгелек үстелдер мен ашық сабақтар өтті.

Сондай-ақ, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау филиалының, Ақтау қаласы әкімдігінің,  облыстық прокуратура,  әділет департаменті, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың  бірлесе қатысуларымен ашық есік күнін өткізді.

«Ашық есік» күнінде 50-ге жуық адам келді. Отырыс барысында келіп түскен сұрақтар мен талап-тілектердің  барлығы сарапталып, тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің тарапынан нақты жауаптар берілді. Сұрақтардың көпшілігі әлеуметтік мәселелерге байланысты, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, материалдық көмек көрсету жөнінде, мүгедек балаларға сауықтыру-емдеу орындарына жолдама беру, білім саласында бала бақшаға орналастыру, денсаулық сақтау саласында емделуге квота беру, дәрі дәрмекпен көмектесу, құқықтық көмек көрсету, жер мәселесі т.б. сұрақтар болды.

Сұрақтар аясында  жұмыс істеу үшін Маңғыстау облысының тиісті мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарына хаттар жолданды. Отырыста көтерілген өзекті мәселелер - Маңғыстау облысы бойынша кәмелет жасына толғаннан кейін, жетімдер үйінен тәрбиеленіп шыққан жетім балалардың баспаналарының жоқ болуына байланысты облыс орталығынан, «Жасөспірімдер үйін» ашу жөнінде ұсыныстарының түсуі болды, сондай-ақ, баспанасыз отбасыларға арналған жатақхана салу жәйі қозғалды.

«Жасөспірімдер үйін» және баспанасыз отбасыларға арналған жатақхана құрылысын салуға, сондай-ақ, облыстағы мүгедек балаларға өмірлік қажеттілік болып табылатын дәрі-дәрмекпен кідіріссіз қамтамасыз етуге ықпал етуді сұрап, құзырлы органдарға өтініш жасалды. 

Соңғы жаңалықтар