Маңғыстау облыстық ІІД-нің 200-ге жуық полицейі жұмыстан шығарылуға жатады - аттестаттау комиссиясының қорытындысы
Облыстық ІІД-нің 35 қызметкері аттестаттаудан артық салмақтары үшін өте алмай, әскери-дәрігерлік комиссияға қаралуға жіберілді. Оларды қызметінен босату немесе арықтауға мәжбүрлеу туралы қорытынды шешімді әскери-дәрігерлік комиссия қабылдайтын болады.
Аттестаттау кезінде полицейлер ҚР Заңдарын білу бойынша тестілеуден өтті, олардың логикалық ойлауын көрсететін сұрақтарға жауап берді, денешынықтыру және мылтық ату дайындығы бойынша нормативтерді тапсырып, психологиялық тұрақтылыққа әңгімелесуден өтті.
«Аймақтық аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдер қабылдады: қызметкерлердің 1,4 пайызы алып отырған қызметтеріне сәйкес келеді және кадрлық резервке алынуға немесе қызмет бойынша жоғарылатуға ұсынылады. 53 пайызы алып отырған қызметтеріне сәйкес келеді, 12,5 пайызы - сәйкес емес және қызметте төмендетілуге ұсынылды, алып отырған қызметтеріне сай емес 13,6 пайызы - басқа қызметке (жұмысқа) ауыстырылуға ұсынылды. Қызметкерлердің 16,4 пайызы ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылуға ұсынылады», - деп бөлісті ақпаратымен Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлзайда Төлеуғалиева.
Оның айтуынша, аттесттаудың қорытындыларымен келіспеген полицейлерді Маңғыстау облыстық ІІД-нің бастығы Мейірхан Жаманбаев қабылдап, оларға аттестаттау комиссиясының қорытындыларын түсіндірді.