18:34, 31 Қазан 2015 | GMT +5
Маңғыстау облыстық ІІД-нің медициналық қызметінің басшысы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ІІД-нің ЖҚБ-мен бірігіп ІІД-нің медициналық қызметінің басшысын ұстады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Лауазымды тұлғаның құқық қорғау органдары қызметіне үміткер азаматтың денсаулық жағдайы туралы оң қорытынды шығару үшін одан жалпы сомасы 270 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Ақтау қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.