Маңғыстау облыстық сотында құжат айналымының 62,7 пайызы мемлекеттік тілде жүргізілуде

АҚТАУ. 2 наурыз. ҚазАқпарат.- Маңғыстау облыстық сотында құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу, істерді мемлекеттік тілде қарау туралы мәселелер жолға қойылған.
None
None

Облыс бойынша сот құжат айналымының 62,7 пайызы мемлекеттік тілде жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының судьясы Айнұр Қызылбаева мәлім етті.

 Оның айтуынша, облыстық сот отырыстарында ана тілін қолданып, істерді мемлекеттік тілге аудару жолға қойылған. Бұл үрдіс Ақтау қалалық сотында да жалғасын тауып отыр.

 Ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту жолында еңбек етіп жүрген судьялар сотқа арыз беріп келген талапкерге кез келген уақытта істі қазақ тілінде қарау туралы ұсыныс жасайды. Осыдан соң тілді таңдау құқығы әр азаматтың өз еркінде.

 «Айта кету керек, істі мемлекеттік тілде жүргізуге көпшілік қарсылық білдірмейді. Қазіргі кезде сотқа қазақ тілінде түскен талап-арыздардың да саны біршама артқаны байқалады. Елбасы айтқан «2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары елімізде 95 пайызға дейін жетеді» деген межені орындауға бір кісідей атсалысуымыз керек»,- дейді Ақтау қалалық сотының судьясы Айнұр Қызылбаева.

Соңғы жаңалықтар