Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар емханасына медициналық құрал жабдықтар сыйға тартылды

АҚТАУ. 6 наурыз. ҚазАқпарат -  Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар емханасының балалар бөлімшесінің жан сақтау бөліміне «Аяла» қайырымдылық қоры мен «Эксонмобил Қазақстан Инк» компаниясы медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
None
None

Заманауи медициналық аппараттардың құны 3 млн. теңгені құрап отыр. 

Балаларға сапалы, жоғары санатты жәрдем беруге көмектесу мақсатындағы игі шараға компания өкілдері қатысты. 

«Біз бұл емханаға реанимациялық үстелдер, инелік үнемдеуіші және  медициналық электросорғыштар табыс еттік.  Инелік үнемдеуіш-дәрі-дәрмектің үнемін және оны салу уақытын бұзбайтын заманауи медициналық аппарат, ал реанимациялық үстел-жаңа туған және шала туған перзенттер мен жасөспірімдерге медициналық жәрдем көрсетуге арналған. Бұл құралдар науқастар денесінің қызуын тұрақты ұстау үшін қажет, дәрігерге баланың пульсін, қан қысымын, дем алу қозғалысының жиілігін, басқа да маңызды көрсеткіштерін үнемі бақылап отыруға мүмкіндік беретін, науқастың жағдайын көрсететін мониторлармен жабдықталған», - дейді компания өкілдері. 

МО жұқпалы аурулар емханасы 120 кереуетке арналған, оның ішінде 60 кереуеті балалармен толыққан. Мұнда жылына 30 000-нан астам науқасқа көмек көрсетілетін көрінеді. Алайда, емханаға замануи құрал-жабдықтар жетіспейді. 

«Біздің орталықтың қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі әлі де жеткілікті емес. Медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін, дәрі-дәрмектің үнемдеуін қамтамасыз ететін инелік үнемдеуіштер бізде мүлдем жоқ болатын. Медициналық көмектің сапасын көтеру мақсатымен бүгін беріліп жатқан медициналық аппарат балалар бөлімшесінің жан сақтау бөлімі үшін маңызды үлес қосу болып табылады», - дейді МО жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Шайахмеден Берқалиев.

Соңғы жаңалықтар