Маңғыстау облысы: Сәуірде 1 пайызбен несие беру басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірге жұмыс сапарымен келген  Мәжіліс депутаттары Ерлан Барлыбаев, Ирина Унжакова, Бақытгүл Хаменова және Тарас Хитуовпен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Сапардың басты мақсаты - облыс тұрғындарына Елбасының бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру және оны жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды саралау.

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов депутаттарды облыс дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, алдағы нақты жоспарларды атап өтті. Депутаттар шағын және орта бизнесті несиелендіретін «Нұр Капитал» бағдарламасына қызығушылық танытты.

«Сәуір айында 1% несие беруді бастаймыз. Бағдарлама аясында 200-ге жуық бизнес-жоба қарастырылды. Біздің басты міндетіміз - қоғамдық сананы жаңғырту арқылы еңбек нарығын трансформациялау.Бұл аймақтағы бизнестің дамуына қуатты серпін береді.Біздің міндет - ең алдымен, жаңа өндіріс ашып, жаңа жұмыс орындарын құратын кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру. ШОБ дамыту бұл Маңғыстаудың одан әрі өркендеуіне кепілдік болмақ», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 ҚР Парламент депутаттары жұмыс сапары барысында облыс халқымен кездесу өткізеді.  

Соңғы жаңалықтар