Маңғыстау облысында 2 балабақша ашылды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңаөзен қаласы мен Қызылсай ауылында 320 орындық 2 балабақша пайдалануға берілді.
None
None

Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің құрылысы «Балапан» бағдарламасы мен Жаңаөзен қ. әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 2014 жылы басталған.

«2012-2020 жж. арналған Жаңаөзен қ. әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын жүзеге асыру үшін 48 млрд. теңге бөлінді. Соңғы үш жылда 35,7 млрд. теңге игерілді, 2724 орындық 3 жалпы білім беру мектебі мен 1920 орындық 6 балабақша салынды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев. Бүгінде Жаңаөзенде 22 мемлекеттік және 16 жеке балабақша бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы екі жаңа мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесін ашу көзделген.

«Жаңаөзен қаласында балабақша кезегінде 7300 бала тұр. «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 86%-ды құрайды. Ашылған балабақшаларда 93 қызметкер жұмыс істейді, олардың 89-ы еңбекпен қамту органдары арқылы орналастырылды», - деді Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлайым Азан. Бұл күні Жаңаөзен қаласында қорғаныс істері бойынша бөлімнің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Ол 2012-2020 жж. арналған Жаңаөзен қ. әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында салынды.

Соңғы жаңалықтар