Маңғыстау облысында әлеуметтік саланы дамытуға 56,3 млрд. теңге жұмсалады

Бүгін  Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановтың тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті, деп  атап өтті www.pm.kz.
None
None

Онда облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды және Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту  - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру аясындағы 2012 жылдың міндеттері анықталды.

2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2011 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім 1 трлн. 210 млрд. теңгені немесе 103,9 пайызды құраған. Халықтың жан басына шаққандағы деңгейі бойынша (2240 мың теңге немесе 15 мың АҚШ доллары) облыс ел өңірлері арасында екінші орында тұр.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2093,4 млрд. теңге көлемінде өнім шығарған.

2010 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 20,2 пайызға артып, 72,2 млрд. теңгеге жеткен. Машина құрастыру (1,5 есеге), былғары және соған жататын өнімдерді өндіру (1,6 есеге), химия өнеркәсібі (1,3 есеге), тоқыма өнімдері өндірісінде (19,7 пайызға), басқа да металды емес минералды өнім өндірісінде  өсім байқалған.

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 35,9 мың АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 9 448,8 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда 129,4% құрады. Сонымен қатар, экспорт көлемі 8 799 млн. АҚШ долларын (2010 жылмен салыстырғанда 169,6%), импорт - 649,7 млн. АҚШ долларын (2010 жылмен салыстырғанда 30,7% ) құраған.

Инвестцияның халықтың жан басына шаққандағы көлемі бойынша (4503,5 АҚШ доллары) облыс республика өңірлері арасында үшінші сатыда тұр.

Тұрғындармен есеп беру кездесуі барысында Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов өңірдің 2012 жылға арналған міндеттерін анықтады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру - бірінші кезекте тұрған міндеттің бірі болып табылады. Сонымен қатар, облыс  қолжетімді баспана, балабақшалар салу, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру міндеті тұр.

«Әлеуметтік саланы дамыту - біздің алдымыздағы басым міндеттердің бірі болып табылады, бұл сала облыс бюджетінің жартысынан көбін құрайды, ал егер қаржы мәселесіне тоқталатын болсақ, бұл бағытқа 56,3 млрд. теңге бөлінетін болады», - деп атап өтті Б.Мұхамеджанов.

Сонымен қатар, әкім ТКШ саласын жаңғырту, көлік инфрақұрылымын, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамыту жоспарларына ерекше назар аударды.

Соңғы жаңалықтар