Маңғыстау облысында балалар-жасөспірімдер туризмі орталығын құру жоспарлануда
Аталмыш орталық Астана, Көкшетау және Орал қалаларындағы осындай мекемелер секілді үлгіде болмақ. Балалар мен жасөспірімдер туризмі тұлғаны тәрбиелеудің, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың бос уақытын және жұмысын белсенді етіп ұйымдастыру, сондай-ақ табиғатты аялауға тәрбиелеудің бірегей моделі болып табылады.
«Туризм - бұл белсенді демалыс және спорт, бірақ облысымызда балалар мен жасөспірімдер туризмінің нысандары жоқ. Біз осындай орталық құруды ұсынамыз. Орталық салу жобасы облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджановқа ұсынылып, Маңғыстау облысының 2012-2014 жылдарға арналған туризмді дамыту бойынша шаралар жоспарына енгізілді. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 117 млн. теңге қажет», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Сергей Пахомов.