Маңғыстау облысында «Кеден келбетi айқын» республикалық акциясы басталды

АҚТАУ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Маңғыстау облысында «Кеден келбетi айқын» республикалық акциясы басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Акцияның ашылу салтанатында сөз алған Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары Әмір Атанбаев ішкі кедендік рәсімдеу жұмыстарының қалай жүзеге асып жатқандығы жайлы баяндады. Ал кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы Медер Убакиев БАҚ өкілдерін Кедендік рәсімдеу орталығының жұмыстарымен таныстырды. Ақтау теңіз портына аттанған журналистер тобы бүкіләлемді шарлап жүрген британдық саяхатшылардың құжаттарын рәсімдеу үстінен түсіп, кеден жұмысының қыр-сырына қанықты. Сондай-ақ арнайы комиссияның экспорттық тауарларды тиеген Иран кемесін тексерісінің куәсі болды. Кеден бекеттерінің жұмыс барысының жай-күйін бақылау мақсатында арнайы жасақталған журналистік десант пен кеден қызметкерлері енді «Әуежай-Актау» кеден бекетіне бармақ.
Соңғы жаңалықтар