Маңғыстау облысында кемелер шеруі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Мұнайлы түбектің алғашқы орталығы саналатын елдімекенге биыл 170 жыл. Бұл Ұлы Жібек жолы керуені кесіп өткен жер. Ал XIX ғасырда қалаға жер аударылған танымал украин ақыны Тарас Шевченконың есімі берілді.

Екі сағат бойы теңіз бетін шиырлаған кемелер шеруіне алты азаматтық және үш әскери су көлігі шығарылды. Айлаққа жақын жерде зәкір тастаған кемелер жанынан «Қазақстан», «Сарыарқа», «Орал» жауынгерлік корабльдері сап түзеді.

«Кемелер шеруін өткізудегі мақсатымыз - отандық теңіз флотының бүгінгі келбетін барша қазақстандықтарға көрсету. Әлеуеті жыл санап күшейе түскен Ақтау және «Баутино» порттарында екі жүзден астам су көлігі тіркелген. Біздің айлақтың кемелері Каспий қайраңынан пайдалы қазбаларды өндіруге жұмылдырылған», - дейді «Баутино» теңіз айлағының басшысы Петр Казачков.

Соңғы жаңалықтар