Маңғыстау облысында пойыз цистернасынан 60 тонна мұнай ағып кетті

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Маңғыстау-Құлсары бағытында жүріп келе жатқан жүк пойызының цистернасынан 60 тонна мөлшерде шикі мұнай ағып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Разъезде төгілген мұнай шамамен 200-250 шаршы метр жерге жайылды. Қауіпсіздік үшін цистерна негізгі құрамнан ағытылып, тұйыққа сүйреп апарылды. Өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайды жою жұмыстарына жалпы 37 адам мен 7 техника бірлігі жұмылдырылды. Оның ішінде ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 5 адам мен бір техника бірлігі қатыстырылды. 19 сағат 10 минутта барлық жұмыстар аяқталды.

Соңғы жаңалықтар