Маңғыстау облысында шетел тілінде сабақ беру үшін 20 мұғалім CLIL курсын оқыды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева аймақтағы үш тілді білім беру жүйесін енгізу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
None
None

«Өткен жылы желтоқсанда Маңғыстау облыстық білім басқармасының бұйрығымен «2016-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамытудың жол картасы» бекітілді. Жобаны пилотты түрде енгізу үшін 11 мектеп анықталды, ағымдағы жылдың қыркүйегінде олардың санын екі есеге ұлғайту көзделген. Жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы арқылы ағылшын тілін меңгеру бойынша курстар көрсетіледі. Маңғыстауда 21 мұғалім «Өрлеу» Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «CLIL» курсын оқып шықты. Түсіндіру үшін ақпараттық-насихаттық топтар құрылды. Бүгінде тұрғындармен және педагогтармен 20-дан астам кездесу өткізілді», - деді Э.Суханбердиева.

Сондай-ақ вице-министр білім берудің мазмұны өзгергеніне тоқталды.

«Жазғы уақытта 1355 бастауыш сыныптардың, қазақ және орыс тілдерінің, дене шынықтыру және еңбек мұғалімі жаңартылған мазмұн бойынша қайта даярлаудан өтеді», - деді вице-министр.
null null null null null null

Соңғы жаңалықтар