Маңғыстау облысында үш басқарманың жаңа басшылары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкімімен облысының білім басқармасының, кәсіпкерлік және сауда басқармасының және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылары тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Сонымен, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы болып Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы тағайындалды.

Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы 1968 жылы қараша айында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Тұрыш селосында дүниеге келген.

1990 жылы Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын неміс және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990-2007 жылдары - Маңғыстау облысының мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде болған. 2007-2011 жж. - Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысының міндетін атқарушысы болды.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болып Мұстапаева Венера Тұранқызы тағайындалды.

Мұстапаева Венера Тұранқызы 1966 жылы қыркүйек айында дүниеге келген. 1989 жылы Ташкент қаласындағы Теміржол көлігі инженерлері институтын, 2002 жылы Орталық Азия университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.

1998-1999 жж. - Маңғыстау облысының қаржы басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 1999-2003 жж. - Шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған. 2003-2005 жж. - Шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасының басшысы болды. 2005-2014 жж. - Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының міндетін атқарды.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкімімен Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Сағынбаев Серік Орынбасарұлы тағайындалды.

Сағынбаев Серік Орынбасарұлы 1980 жылы сәуір айында дүниеге келген. 2003 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-эколог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы қызметінен бастаған. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында бас маман, бөлім бастығының қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар