Маңғыстау облысында жыл соңына дейін жолдардың 80 пайызы жөнделеді
«2-3 жыл бұрын жол желісінің көптеген бөлігі қанағаттанбайтын жағдайда болған. Сынға ұшырауы да сондықтан. Автомобиль жолдарының жөндеу мерзімдері үнемі бұзылып отырды, асфальт-бетон жамылғысы әбден тозған, күрделі және орташа жөндеу сирек өткізілді, сондықтан жыл сайынғы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесі өте аз болды. Мысалы, «Шетпе-Бейнеу» күре жолының учаскесі болмаған деп айтуға болады, бұл басқа аймақтармен автомобиль қатынасын мүмкін емес қылдырып, аймақты республикадан шектетті», - деп хабарлады Тұрбек Спанов.
Т.Спанов тозған жолдардың нақты санын атады. Осылайша, 2012 жылғы жағдай бойынша облыстық және аудандық күре жолдарының 40 пайызының жағдайы нашар болған, ал қалған 60 пайызының жағдайы да көңіл көншітерлік емес.
2012 жылы жолдарды дамыту бюджеті 2,5 млрд. теңгені құраған. Бұл сомаға қалалық көшелерді, облыстық және аудандық күре жолдарды ұстау мен ағымдағы жөндеу жұмыстары, жобалық-сметалық құжаттарды даярлау және тұрғындардың әділ сынына ұшыраған 2-3 шақырымнан қымбат күрделі жөндеулер жүргізу кірген.