Маңғыстау облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

Махамбет Бейдәліұлы Бейдәлі 1964 жылы туылған. Жоғары білімді. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Аризона университетін (АҚШ), Қазақ мемлекеттiк басқаруды академиясының жанындағы нарық институтын, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қалалық әкімі орынбасарының көмекшісі болып бастаған. Мұнан кейін әр жылдары Алматы облысындағы Әуезов, Бостандық, Түрксіб, Медеу аудандарында әкім орынбасары болып қызмет атқарған.
Кәсіби біліктілігі мен мемлекеттік құрылымдарда еңбек тәжірибесі мол, сондай-ақ әділет органдары мен мұнай-газ секторында да қызмет еткен. Бұған дейінгі жұмыс орыны - «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Наурыз айынан бастап облыс басшысының өкімімен облыс әкімінің орынбасары қызметіне Халила Нұрғалиева Хабижанқызы тағайындалды. Бұған дейін бұл орында болған Әлихан Қыраубаев өз еркімен жұмыстан босады.
Халила Нұрғалиева Хабижанқызы 1957 жылы туылған. Жоғары білімді. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік қаржы институтын экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
1977 жылы еңбек жолын Атырау облысы Балықшы ауданындағы қаржы бөлімінде бас есепші болып бастаған. 1978 жылдан бастап Шевченко қалалық қаржы бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысындағы қаржы басқармасында, экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде қызмет етті. Бұған дейінгі жұмыс орны - Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.