Маңғыстау облысының әкімі Қ. Көшербаев GMMOS Group компаниясының президенті І. Нассифпен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас кеңсесі Дубайда орналасқан GMMOS Group компаниясы бүкіл әлем бойынша мұнай-газ саласы үшін жабдықтар шығарумен, жабдықтаумен, мұнай-газ жеткізілімін қамтамасыз етумен, кеме қатынасымен және өнеркәсіптік құрылыспен айналысады.
Бүгінгі GMMOS Group компаниясының президенті І. Нассифпен кездесуінде Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «GMMOS Kazakhstan» зауытының жұмыс барысымен танысып, зауыт өнімдерінің қазақстандық мұнай-газ операцияларын қамтамасыз етуі жайлы әңгімелесті.
GMMOS Groupкомпаниясының еншілесі болып табылатын Ақтауда орналасқан «GMMOS Kazakhstan» зауыты жылына 6 мың тонна металл өнімдерін жасап шығарады. Қазіргі таңда бұл компания қазақстандық ірі 7-ге жуық мұнай-газ мекемелерінің тапсырысы бойынша құбыр желілерін, теңіз резервуарлары мен мұнай құятын қысымы жоғары ыдыстар дайындауда. Сондай-ақ мұнда жұмыс жасайтын 124 жұмысшының 104-і жергілікті халық болса, 21-і шетелдік азамат.
Сондай-ақ GMMOS Group компаниясының Қазақстандағы еншілес компаниясы - GMMOS Kazakhstan қарашаның 3-і мен 6-сы аралағында Ақтау қаласында өтіп жатқан аймақтық «Мұнай және Газ, Инфрақұрылым 2009» көрмесіне қатысуда.