Маңғыстау облысының әкімі Мұнайлы ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне пәтер кілтін тапсырды

АҚТАУ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Мұнайлы ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне пәтер кілтін тапсырды ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жұмыс сапарымен Мұнайлы ауданында болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік және участкелік полиция бөлімінің ғимаратының ашылуына қатысып, ҰОС ардагерлеріне пәтер кілтін тапсырды.

Қазіргі таңда Мұнайлы ауданындағы ҰОС ардагерлерінің саны төртеу. Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді ардақтау және олардың ерлігіне тағзым ретінде облыс әкімдігі көмек шаралары мен көптеген жеңілдіктер жасап тұрады.

Биыл Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай облыс әкімі ардагерлерге жылы лебізін білдіре отырып, пәтер кілтін тапсырды.

«Қарттарын сыйлап, қариясын құрметтеген ел ешқашан аты өшпейді. Бүгінгі көрсетіліп жатқан сый-құрметке ризамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», деді ҰОС ардагері Бөлтеков Бақбай.

Соңғы жаңалықтар