Маңғыстау облысының әкімі жұмыс сапарымен Түпқараған ауданында болды

АУ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түпқараған ауданында болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Сапар барысында облыс басшысы «ТеңізСервис» ЖШС-нің теңіз кемелеріне жанар-жағармай құятын бекет жұмысымен және теңіз мұнай операцияларын қолдау базасындағы «Каз-М-I» компаниясының «Бұрғылау ерітінділері зауытының» құрылысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден 40 адам тартылған.

Мұнан соң Қ. Көшербаев «ТеңізСервис» ЖШС мен «Макдермотт Каспиэн Контракторз» компаниясының «Металл бөлшектерін құрастыру зауыты» құрылысының басталуына қатысты.

Зауыт қызметі - құрастыру, жобалау, жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс салу және мұнай, газ өндіру үшін теңіз құрылымдарын орналастыру, құбырлар жүргізу.

Қазіргі уақытта компанияда 55 жұмысшы қызмет етуде, оның 48-і -жергілікті тұрғындар. Өндірістік алаң іске қосылғаннан кейін жұмыскерлер саны 500-ден 2000 адамға дейін көбейеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ облыс әкімі «Балықшы» ЖШС-нің «Маңғыстау кеме жөндеу зауытының», Форт Шевченко және Баутин, Аташ кентішілік газ желісінің құрылыстары барысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар