Маңғыстау облысының аудандарының бірінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ай сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы құрылған бес жылдың ішінде мұнда бір мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды,
None
None

деп жазды «Казахстанская правда» газеті соңғы нөміріндегі «Трудоустройство по месту жительства» атты мақаласында.

Бүгінде ауданда жүз мыңнан астам адам тұрады. Бұрын қарапайым саяжайлық кент болған бұл жер кейін аудан болып өзгертілді. Мұнда негізінен көрші республикалардан қоныс аударғандар тұрады. Тұрғындарға жұмыс табуға көмектесу үшін мұнда ай сайын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өтіп тұрады. Мұнайлы ауданының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Зәуре Нұрболат жеке істі дамытуға шағын несиені ресімдеу үшін 4 адам құжаттарын тапсырып үлгергенін жеткізді.

«Олардың өтінімдері қуатталды, тағы 40 адам мақұлдауды күтуде. Жылдың аяғына дейін тағы 100 адамды жұмысқа тұрғызуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.

Мұнайлыда сондай-ақ наубайшылар, аспаздар, тәрбиелеушілер мен шаруалар үшін екі апталық курстар ұйымдастырылды. Оған ауданның бірнеше ондаған тұрғыны қатысуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум