Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына жаңа әкім тағайындалды
Бейнеубек Әбілов 1975 жылы 16 қаңтарда Маңғыстау облысының Бейнеу селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары.
1998 жылы Ақтау мемлекеттік университетінде инженер-механик, 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер және 2012 жылы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде инженер-құрылысшы мамандықтары бойынша білім алған.
Бейнеубек Әбілов еңбек жолын 1995 жылы Ақтау қаласы әкімшілігінің Жас-өспірімдер, туризм және спорт істері жөніндегі бөлімнің маманы болып бастаған.
1998-1999 жж. - кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі АҚ-ның Маңғыстау филиалының жетекші маманы болды.
1999-2005 жж. - «Шағырлы шөмішті» ЖШС-ның, «Жолаушы» ЖШС-ның, «Каскор-Дикфа» ЖАҚ-ның, «Ремгазмонтаж» ЖАҚ-ның, «Завод пластических масс» ЖШС-ң конкурстық басқарушысы қызметтерін атқарды.
2007-2011 жж. - Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
2011-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бастығы, департамент директорының міндетін атқарушы болды.
2012- 2015 жж. - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында болған.
2015 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.