Маңғыстау облысының бюджеті 79 млрд.700 млн. теңгені құрады - облыс әкімі

АҚТАУ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстау облысының бюджеті 79 млрд.700 млн. теңгені құрап отыр.
None
None

  

  Бұл туралы  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті бюджетті қайта қараған мәслихат депутаттарының 19-шы сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

 Сессияда жылдың аяқталуына аз ғана уақыт қалғандықтан, жергілікті бюджетті 100 пайызға орындау мақсатында қаражаттарды қайта қарау қарастырылды.

 «Облыстық мәслихаттың сессиясында  нақты шешім қабылданды. Сонымен, аймақ бюджеті қазір 79 млрд. 700 млн. теңгені құрап отыр», деді  Қырымбек Көшербаев.

 Мәслихат депутаттарының қолдауымен келер жылға арналған даму бюджетіне қомақты қаржы бөлінбекші.

 Атап айтсақ, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына 89 млн. теңге жоспарлануда. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен игерілмей қалған 836 млн. теңге қаржы қайта қаралу үстінде.

 «Әлеуметтік нысандарды жөндеу және салу жұмыстарын аяқтауға 89 млн. теңге қаражат қарастырылуда. Атап айтқанда, Қарағия ауданындағы Құрық селосындағы аудандық  емхана құрылысының аяқталуына 37 млн., Маңғыстау ауданы Шетпе селосындағы спорт кешенінің қосымша құрылысына 35 млн. теңге қосымша беріліп отыр.

 Каспий футбол клубы ғимаратының  жөндеу жұмыстарын аяқтауға 6 млн. және Жаңаөзен қаласындағы №10 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 11 млн теңге бөлінді», деді  облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының  бастығы Халила Нұрғалиева.

 Сондай-ақ өңірді толықтай газбен қамтамасыз ету жобаларын іске асыруға барлығы 400 млн. теңге қарастырылуда.

 Соның ішінде, Сайөтес Ақшымырау, Қызан шебір, Тұщықұдық газ құбырын тарту жұмыстарына 330 млн., Түпқараған ауданына, Баутин, Аташ елді мекендерін газдандыру желілерінің құрылысына 100 млн. теңге бағытталмақ.

 Сессия соңында  барлық дәрежедегі әкімдерге облыстық бюджетінен бөлінген қаражаттарды жыл соңына дейін 100 пайызға игеру міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар