Маңғыстау облысының қаржы полицейлері контрабандалық әтірдің ірі көлемін тәркіледі

АҚТАУ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының қаржы полицейлері жедел-іздестіру шараларының барысында ірі көлемдегі декларацияланбаған контрабандалық жүгі бар Иран Ислам Республикасынан келген екі жүк көлігін тоқтатты.
None
None

Фургондарды уақытша сақтау қоймаларында тексеру кезінде ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейтін халық тұтынатын тауарлар, атап айтқанда жуғыш заттардың орнына әтірдің ірі көлемі табылды.

«Контрабандалық жолмен Иран Ислам Республикасынан тасымалданған тауардың құны 564 млн. теңгеден асып жығылады. Аталмыш фактіге сәйкес, ҚР ҚК 209-бабы 2-ші тармағының «г» бөлімі бойынша қылмыстық іс (экономикалық контрабанда) қозғалды. Бүгінде қылмыстық іс тергелу үстінде. Тергеудің мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды», - деп түсіндірді мәселенің мән-жайын Маңғыстау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Нүргүл Мұқатай.

Соңғы жаңалықтар