Маңғыстау полицейлері «Допинг - 2009» шұғыл алдын алу шарасының төртінші кезеңін қорытындылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараның өтілу кезінде есірткілік және психотроптық заттарды алу, сақтау, тіркеу пайдалану және жою ережелерінің бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында емдеу - алдын алу медициналық мекемелері мен дәріханалар тексерілді.
«Допинг» операциясының төртінші кезеңі кезінде Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесімен күресу жөніндегі басқармасының қызметкерлері 7 емдеу-алдын алу мекемесін, 9 дәріхананы тексерген.
Есірткілік құқық бұзушылықтармен байланысты 7 факті анықталған, оның ішінде 4 факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, оның - 2-еуі есірткілік заттарды сақтау фактісі бойынша, және 2-еуі оларды тарату фактісі бойынша.
Операция қорытындысы бойынша заңсыз айналымнан барлығы 0,7129 грамм есірткілік заттар, оның ішінде 0,7129 грамм героин тәркіленген.
Демалыс орындары мен жастардың бос уақыттарын өткізетін орындарда есірткілік заттар мен психотроптық заттарды пайдалануларын болғызбау барысында бақылау жұмыстарын жандандыру мақсатында есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының, криминалдық полиция басқармасының және қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып нашақорларды анықтау және оларды тіркеуге алу, жасөспірімдердің есірткілік заттарды үнемі пайдалануды әдетке айналдыруларының алдын алуға бағытталған мақсатты шаралар жүргізілді.
Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы фармбақылау басқармасының өкілдері тартылды.