«Маңғыстау-Полиграф» кәсіпорынында жаңа баспа жабдықтары іске қосылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Маңғыстау-Полиграф» ЖШС Батыс Қазақстан аймағындағы ең ірі баспаханалардың бірі.
2009 жылдың басында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыс әкімдігінің келісімімен «Маңғыстау-Полиграф» серіктестігін жаңартып, оған осы заманға сәйкес жаңа баспа жабдықтарын алу жөнінде жоба жасақтаған болатын.
Жоба нәтижесінде «Каспий» ӘКК демеушілік танытуымен Жапония, Германия елдеріндегі баспа, өндіріс құралдарын жасап шығаратын кәсіпорындардан заманауи жоғары технологиялық бірегей құрал-жабдықтар алынды.
Енді «Маңғыстау-Полиграф» мекемесі өнім өндіру көлемін 30 пайызға арттырмақ.
Мәселен, Ryobi 784E - офсетті баспа машинасы төрт түрлі бояумен сағатына 15 мың парақты бірден басып шығара алады.
«Біздің мекемеміздің тұрақты және жүйелі жұмыс жасауына қашанда мемлекет қол ұшын беріп келеді. Баспа өнімдерін шығаруда сұраныс берушілердің талабына сай қызмет көрсетуді мақсат етудеміз», дейді баспахана директоры.
Өлкеден шығатын қазақ, орыс тіліндегі басылымдардың көпшілігі «Маңғыстау-Полиграфтың» қызметін тұтынады.
Баспаханада қызмет ететін жұмысшылардың орташа еңбекақысы 80 мың теңгені құрайды.