Маңғыстауда екіқабатты тұрғын үй жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 8 бөлмелі екіқабатты тұрғын үйді өрт шалды. Бұл туралы өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап Лада.кз хабарлады.
None
None

Өрт кезінде үйдің үштен екі бөлігі жанып кеткен. Өрттің шығу себептері әлі белгісіз, алдын ала болжам бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.

Ақтау қаласының «Рауан» тұрғын үй кешенінде осы аптада тағы бір өрт болды. №39 участокта монша мен оған қосылып салынған қойма өртке оранды. Өрт 6 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген залал шығыны есептеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар